"Қыз болашағы ел болашағы" декада » СШ им.Быхина
Абай облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Быхин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7225) 62-44-41
Есепші бөлімі:
+7(7225) 62-44-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қыз болашағы ел болашағы" декада
14
октябрь
2019

"Қыз болашағы ел болашағы" декада

2019 жылғы 4-14 қазан күндер аралығында «Қыз болашағы –ел болашағы» атты декада өтті.Мақсаты қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық- зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру.
4 қазан күні «Қыз болашағы- ел болашағы» атты декаданың жоспарын бекіту.
5 қазан күні «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: қыз баланың бойына әдеп ғұрып, салт дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, босағаның аруы, шаңырақтың құт берекесі екенін ұғындыру. 7 қазан күні 8-11 сынып қыз балаларымен ұйымдасқан «Қыз бала гүл» атты флешмоб. 8 қазан «Жасөапірім жастағы жүктіліктің алдын алу»тақырыбында ауылымыздың учаскелік бас дәрігері Ынтықбекова Алтынай Саятқызымен кездесу өтті. Мақсаты : жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
9 қазан күні «Болашаққа қамқорлық» қыздар арасында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты : Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс тәсілдерін жетілдіру.
10 қазан күні «Жыныстық жолмен берілетін аурулар. Жыныстық гигиена» тақырыбында мектебіміздің медбикесі А.А. Каримовамен әңгімелесу өтті.
11 қазан күні «Ақылды ана, көркем қыз» тақырыбында «Тұмар» аналар кеңесімен кездесу болды. Мақсаты: қыз бен ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып , қыз тәрбиесіне жауапкершілікті арттыру.
12 қазан күні «Анам және мен» атты спорттық жарыс өтті.
Осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға рахметімді айтып, жиі болып тұруына ұсыныс айтамын. Сөз соңында Абай Құнанбаевтың «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан капы қалма» деген сөздерін еске ала отырып, мейірімді қыздарымыз көп болсын, көкек аналар жок болсын деп, бүгінгі тәрбиелі қыз- ертеңгі мейірімді ана» екендігін ешкашан естен шығармай, осы заманның Қыз Жібек, Баян сұлу секілді аңызға айналған қазақ қыздарын инабатты, ибалы, иманды етіп бірге тәрбиелейік дегім келеді.