1-қыркүйек Білім күні
«Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бойынша 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті.Мектепке
1-11 сынып аралығында 181 оқушы, мектепалды даярлық сыныбына 17 бүлдіршін , шағын орталық «Бүлдіршін» тобына 20 бала, «Балауса» тобына 20 бала қабылданып отыр.
Биылғы 2019-2020 оқу жылында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Абыралы-Дегелең» қорының президенті М.Құрманбаев мектеп табалдырығын аттаған
15 бүлдіршінге оқу-құралдарын табыстады.Ауыл әкімі Ш.Н.Несипбаев «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына, яғни 12 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу-құралдарын табыстады.Салтанатты жиыннан соң 1-11 сынып оқушыларына «Саналы ұрпақ -жарқын болашақ» атты ашық тәрбие сабақтары өз мәнінде өткізілді.