Ақпарат » СШ им.Быхина
Абай облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Быхин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7225) 62-44-41
Есепші бөлімі:
+7(7225) 62-44-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ақпарат
Мың бала олимпиадасының іріктеу кезеңі
08
апрель
2024
Мың бала олимпиадасының іріктеу кезеңі
      Ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" Ұлттық зияткерлік  олимпиадасының  іріктеу кезеңі 2024 жылдың 8 сәуір күні сағат 10.00-ден басталды . "Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі " КММ -нен 6 сынып оқушылары Болатбекова Гулназ , Несіпқали Ақжол  қатысып, өз білімдерін көрсетті . Сынып жетекшісі А.С.Ахметова . Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды . Кешенді тестілеу "логикалық ойлау" және "кеңістіктік ойлау" бөлімдерінен  тұрады . Олимпиаданың
ҰБТ дайындық жұмыстары.
22
январь
2024
ҰБТ дайындық жұмыстары.
     "Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі "КММ - де 2023-2024 оқу жылында 9 оқушы мектепті аяқтайды. Сынып жетекшісі математика пән мұғалімі А.М.Байгенжина. 2024 жылдың 19 қаңтар күні 11 сынып оқушыларынан сынама тест алынды . ҰБТ -ге дайындық жұмыстары жалғасуда. 2023-2024 оқу жылында 3 рет сынама тест алынып , қорытындысы шығарылып , сараптама жасалынды . Дайындық жұмыстарын жүргізу пән мұғалімдеріне тапсырылды .   
Гуманитарлық пән бірлестігінің отырысы
07
декабрь
2023
Гуманитарлық пән бірлестігінің отырысы
        2023 жылдың 7 желтоқсан күні гуманитарлық пән бірлестігінің отырысы болды . Отырыста әдістемелік бірлестік мүшелері өз ойларын ортаға салды . "Сабақта қолданылатын жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер" тақырыбында әдістемелік бірлестік жетекшісі   тәжірибелі ұстаз , педагог-зерттеуші  Н.Н. Искакова баяндама жасады . Отырыста пән мұғалімдері  сыныпты топқа бөлу, топпен және жұппен  жұмыс , топтық жұмысты бағалау т.б әдіс-тәсілдерге байланысты өз іс-тәжірибелерімен  бөлісті. 
"Күш" тақырыбында өткізілген ашық сабақ
28
ноябрь
2023
"Күш" тақырыбында өткізілген ашық сабақ
2023 жылдың 24 қараша күні 7-сыныпқа "Күш" тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі физика пәнінің мұғалімі А.А.Карипжанова . Іс-тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабаққа жас мамандар мен озық тәжірибелі ұстаздар қатысты .     Оқушылар сабаққа белсене қатысып, күш туралы  мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айттты. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін  қолданған ұстаз сабақтың мақсатына жетті . Мұғалім оқушыларға шағын тест беру арқылы үй тапсырмасын сұрап, оқушыларды диалогқа тартты.
Мектепішілік пән олимпиадасы
16
ноябрь
2023
Мектепішілік пән олимпиадасы
      2023 жылдың 13-17 қараша күндер  аралығында "Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ -де әр пән бойынша мектепішілік олимпиадасы өтілуде.  Мектеп директорының бұйрығының  негізінде мектепішілік олимпиадаға қатысатын оқушылардың тізімі анықталып, жоспар бекітіліп, пәндер бойынша олимпиадалық тапсырмалар  даярланды . Сонымен қатар олимпиаданың өту барысын қадағалайтын комиссия мүшелері бекітілді .