08
апрель
2024
Мың бала олимпиадасының іріктеу кезеңі
Ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының іріктеу кезеңі 2024 жылдың 8 сәуір күні сағат 10.00-ден басталды . "Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі " КММ -нен 6 сынып оқушылары Болатбекова Гулназ , Несіпқали Ақжол қатысып, өз білімдерін көрсетті . Сынып жетекшісі А.С.Ахметова . Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды . Кешенді тестілеу "логикалық ойлау" және "кеңістіктік ойлау" бөлімдерінен тұрады . Олимпиаданың 1 кезеңінің қорытындысы 14 күннен соң шығады. Олимпиадаға тіркелген оқушылар түгел қатысты .

